Тарбағатай ауданында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Зайсан мен Тарбағатай аудандарының аралығында, Сәтпай ауылы маңында жаңа әуежай салу жоспарланғанын алға тартты.
– Бұл жоба өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар Зайсан көлінде өзен портының құрылысы қолға алынып, Майқапшағай – Тұғыл бағытында теміржол желісін тарту көзделіп отыр. Аталған бастамалар өңірдің транзиттік мүмкіндігін күшейтуге жол ашады, – деді Дархан Шомпайұлы.
Одан бөлек, «SHYGYS» арнайы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасы аясында ауданда өндіріс, логистика және сауда салаларын дамытуға арналған инфрақұрылымдық хаб қалыптастыру жоспарлануда. Жоба отандық және шетелдік инвестиция тартуға негізделген.
Пікірлер