Тарбағатай ауданында шасси базасында орнатылған жылжымалы цифрлық флюорографиялық рентген кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтің сөзінше, аталған кешен жұмысын мамыр айында бастап, бүгінде күніне 150 адамға дейін қызмет көрсетуде.
– Демеушілер қолдауымен «Қазақстан халқына» қоры арқылы қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып, оңалту кабинеттері ашылды. Сондай-ақ «Казцинк» компаниясының демеушілігімен медициналық қалдықтарды өңдеуге арналған заманауи жабдық сатып алынды. Бұдан бөлек, жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Бұл шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар өткен жылы ауданда алғаш рет травматология бөлімі ашылды. Бір жыл ішінде мұнда 30 күрделі ота жасалған. Алдағы уақытта Қабанбай мен Қарасу ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, ал Жаңалық пен Бозша ауылдарында жаңа медициналық пункттер салу жоспарланып отыр.
Пікірлер