A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:00 0

Елде құрылыс жұмыстарының көлемі 13,4%-ға өсті

Бүгін / Республика

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға ұлғайды,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсім негізінен ғимараттар салу көлемінің 41,2%-ға артуы және құрылыс пен жөндеу жұмыстарының көбеюі есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде автомобиль жолдары, теміржолдар мен метро құрылысының үлесі 26,3%-ды құрады. Сондай-ақ тұрғын емес ғимараттар құрылысы — 20,4%, тұрғын үйлер құрылысы 11,9% болды.

— Ел бойынша құрылыс жұмыстарының басым бөлігін жеке құрылыс ұйымдары орындады. Олардың үлесі 87,9%-ға тең. Шетелдік компаниялар 11,4%, ал мемлекеттік ұйымдар 0,7% құрылыс жұмысын жүзеге асырды, — делінген бюро таратқан ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив