A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:05 0

Елімізде тағы үш ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі

Бүгін / Республика

Биыл елімізде бірнеше ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі іске қосылады. Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бақылау құралдары Қарағанды – Алматы, Өскемен – Талдықорған және Қорғас – Алматы бағыттарында орнатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет биыл тағы үш негізгі бағытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа жүйе Қарағанды – Алматы автожолы, Өскемен – Талдықорған автожолы және Қорғас – Алматы автожолы учаскелерінде орнатылады.

- Биыл негізгі учаскелер – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған, сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі жолда енгізіледі, – деді Мақсат Баяхмет.

Оның мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі жұмыс істейтін жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив