A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 11:00 0

Әдемі дата: Қазақстанда ең көп неке қиылатын күн белгілі болды

Бүгін / Республика

26.06.2026 күніне неке қиюға 1,7 мыңнан астам жұп өтініш білдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми Telegram-арнасы қазақстандықтардың әдемі датада неке тіркеуге деген қызығушылығы жоғары екенін хабарлады.

Неке қиюды тіркеуге өтініштер қабылдау 11 маусымда аяқталған.

Мемлекеттік корпорация атап өткендей, сандардың ерекше үйлесімі бар күндер дәстүрлі түрде болашақ ерлі-зайыптылар арасында үлкен сұранысқа ие.

Ең көп өтініш Алматы тұрғындарынан түскен – 830. Астанада - 740 өтініш, ал Шымкентте - 141 өтініш тіркелді.

«Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері әдемі күндер жыл сайын шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген қазақстандықтардың арасында ерекше сұраныс тудыратынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив