Шемонаиха қаласында ШҚО Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол танысынан ақша мен мүлікті күш көрсету арқылы иемденді деген күдікке ілінді.
Алдын ала мәліметтер бойынша 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құрады.
Сондай-ақ тергеу деректеріне сәйкес күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat көлігін сатуды талап еткен. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап етті.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша қаражаты мен мүлкінен айырылды.
Қазір күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Пікірлер