A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда автокөлік саны 6 миллионға жуықтады

Бүгін / Республика

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6 миллионға жақындады. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде 5 млн 995 мың көлік құралы есепте тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның ішінде 129 мың жеңіл автомобиль, 8,7 мың жүк көлігі, 1,3 мың автобус және 1,6 мың мотоцикл бар.

- 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 млн 995 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның 84,2%-ы жеңіл автомобильдер, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Көліктердің 80%-ы бензинмен жүреді. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі – 7,6%, аралас отындағы көліктер – 6,5%, ал газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% болды.

- Электр қуатымен жүретін 32 479 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5%-ын құрайды, – делінген ресми ақпаратта.

Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 17 506 электр көлігі есепке алынған. Одан кейін Астана қаласы (3 235), Алматы облысы (2 857) және Шымкент қаласы (1 042) орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив