Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық бейбітшілік индексінде (Global Peace Index 2026) өткен жылмен салыстырғанда бес сатыға жоғарылап, 44-орынға көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Жаңа рейтингті Экономика және бейбітшілік институты жариялады. Сарапшылар 163 тәуелсіз мемлекетті 23 критерий бойынша бағалаған. Олардың қатарында қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, қоғамдық қауіпсіздік және милитаризация дәрежесі бар.
Қазақстанның бейбітшілік индексі 1,771 балл болы, елдің әлемдегі ең бейбіт 50 мемлекеттің қатарына енуіне мүмкіндік берді.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан жоғары тек Өзбекстан орналасты. Ол 1,726 индексімен 37-орынға көтеріліп, бірден 10 сатыға жоғарылаған.
Қазақстаннан кейін Тәжікстан 47-орынға (1,799), Қырғызстан 61-орынға (1,853) және Түрікменстан 66-орынға (1,903) жайғасты.
Посткеңестік елдер арасында ең елеулі өсімді Армения көрсетті. Ел бірден 21 сатыға көтеріліп, 51-орынға жайғасты. Бұл аймақтағы ең үздік серпін саналады.
2026 жылғы әлемдік рейтингтің көшін Исландия (1,161), Жаңа Зеландия (1,343) және Швейцария (1,363) бастады.
Тізімнің төменгі бөлігінде Украина 160-орынға, ал Ресей 163-орынға орналасты.
Пікірлер