Қамысты ауылы «Ішімдіксіз ауыл» республикалық акцияға қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылда 89 адам тұрады.
Олар ішімдіктен бас тартуды салауатты өмір салтын ұстануға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастарды тәрбиелеуге бағытталған ұмтылыстарымен байланыстырады.
Қамысты ауылы ішімдіктен бас тартқан өңірдегі 28-ші елдімекен болды.
Пікірлер