A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

Ұлан ауданында орман өрті оқшауланды

Бүгін / Ұлан

«Аюда» шатқалында орналасқан «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» мекемесінің аумағында құрғақ шөп, бұталар және орман өсімдіктері жанды. Өрттің алдын ала аумағы 13 гектарды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Өртті сөндіруге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ТЖД күштері мен құралдары, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің десантшылары, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жаяу топтармен жүргізілді. Сонымен қатар әуеден су төгу жұмыстары жүзеге асырылды. ТЖМ авиациясы 13 мәрте су ағызуды жүзеге асырып, жалпы көлемі 39 тонна су төкті.

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтарын оқшаулауға және жалынның ауқымды аумаққа таралуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив