A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:00 0

Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Бүгін / Республика

2026 жылы Қазақстанда Астана күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты ел тұрғындарының бір бөлігі шілде айында қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

eGov порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп отыр.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 4–6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 5 және 6 шілде болады.

Бұған дейін шілде айында бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтарды жалпы саны тоғыз демалыс күні күтетіні хабарланған еді. Бұл жағдайда айда 22 жұмыс күні және мерекелік дүйсенбіні қоса есептегенде 9 демалыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтарды тығыздау жұмыс кестесі күтіп тұр. Олар үшін шілде айында 26 жұмыс күні және небәрі 5 демалыс күні болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив