Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері қатысты.
Тексеру барысында Меновное және Аблакетка елді мекендері аумағында санитарлық жағдайға кері әсер ететін рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жергілікті атқарушы органға абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кемшіліктерді жою жөнінде ұсыным енгізілді.
ШҚО Полиция департаменті экологиялық талаптарды сақтау мен қоғамдық тазалықты қамтамасыз ету әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салды. Ведомство өкілдері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.
Пікірлер