24 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өткізеді.
Басты мақсат – тұрғындардың тұтынушылық сауаттылығын арттыру және құқықтық кеңес беру.
Азаматтар сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін) мамандардан кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.
Іс-шараның өтетін мекенжайы: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 22, 3-қабат.
Пікірлер