A+ A A-

talgatzhan 42 22-06-2026, 14:40 0

Өскемен тұрғыны сапасыз жеткізілген тағам үшін ақшасын қайтарып алды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, тұтынушы жеткізу қызметі арқылы тағамға тапсырыс берген. Рәсімдеу кезінде тапсырыстың 40–45 минут ішінде жеткізілетіні көрсетілген. Алайда тұрғын өз тапсырысын шамамен екі сағат күткен.
Тамақ жеткізілгеннен кейін клиент пиццаның күйіп кеткенін анықтаған. Мәселені жеткізуші қызметпен тікелей шешуге талпынғанымен, нәтиже болмаған. Осыдан кейін ол тағамның фотосын тіркеп, ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірген.
Өтінішті қарау барысында департамент мамандары жеткізу қызметінің басшылығымен байланысып, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді.
Нәтижесінде дау сотқа дейінгі тәртіппен шешіліп, мекеме басшылығы тұтынушы талабын негізді деп таныды. Клиентке тапсырыс үшін төленген 6 900 теңге толық көлемде қайтарылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив