A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 14:55 0

ШҚО-да 105 адам екпе алудан бас тартты

Бүгін / ШҚО

Өңірде түрлі жастағы тұрғындарды иммундау жұмыстары жалғасуда. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін оның кері әсері тіркелмеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дегенмен облыстың кей тұрғындары әлі де екпе алудан бас тартуда.
– Жыл басынан бері өңірде профилактикалық екпелерден бас тартудың 105 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда: 97 жағдай - жеке сенім, 5 жағдай - вакцинаға сенімсіздік таныту, 3 жағдай - бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған жағымсыз ақпаратпен байланысты, – делінген ШҚО СЭБД мәліметінде. 
Екпеден бас тарту жағдайлары көпшілігі Өскемен қаласында (80), Глубокое (14), Алтай (3) және Зайсан (3) ауданында тіркелген. Әсіресе балаларға салынатын екпелерге қатысты бас тарту саны басым.
– Халықты вакцинациялау нәтижесінде дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит, қызылша, В вирустық гепатиті, полиомиелит, туберкулез және гемофильді инфекция сияқты жұқпалы аурулардың таралу деңгейі айтарлықтай төмендеді. 2008 жылы екпе күнтізбесіне гемофильді инфекцияға қарсы вакцина енгізілді. Содан бері елд нәрестелер өлімі 20,2 пайызға төмендеді, – делінген ресми ақпаратта. 
Департамент өкілдерінің сөзінше, елде қолданылатын барлық вакцина зертханалық және клиникалық тұрғыдан тексеріледі. 
Айта кетейік, халықты вакцинациялау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив