A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:35 0

ШҚО-да су қауіпсіздігі ережелерін бұзған 70 адам жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

Бүгінде өңірде суға түсуге арналған 23 ресми орын жабдықталды. Оның үшеуі Өскеменде орналасқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, шомылу маусымы басталғанға дейін тиісті комиссиялар су түбін зерттеп, демалыс орындарының барлық талапқа сәйкестігін тексерді. 

- Қазір жағажайлар маңындағы су түбін тексеру үшін сүңгуірлік жұмыстар жүргізуге 18 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 10 өтінім 23 ресми жаппай демалыс орнының дайындық деңгейін тексеруге қатысты, – делінген ресми мәліметте. 

Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖД-ның бес құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Рейдтерге  полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер мен әскери қызметшілер тартылған. Самар ауданындағы Новостройка ауылында жылжымалы бекет қойылды.

Сондай-ақ 170 тыйым салу белгісі орнатылып, Өскемен қаласы мен Алтай, Ұлан аудандарында 38 қоғамдық құтқарушы даярланды.

ШҚО ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері су айдындарында шомылу маусымындағы қауіпсіздікке арналған 1900-ден астам рейд өтті. 

Шомылу маусымынан тыс кезеңде Өскемен мен Риддердегі су айдындарында екі адамды аман алып қалды. Ал су қауіпсіздігі ережелерін бұзған 70 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив