Кристиан Крузи мен Моника Дигельман түрлі елдерді көлікпен аралап жүр. Алайда Шыбындыкөлде тоқтағанда көліктері сынып, сапарларын жалғастыру мүмкін болмай болмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шетелдік қонақтарға көмек қажет екені туралы ақпарат «102» арнасына келіп түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Олжас Рамазанов жетті.
Ол көлікті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, жергілікті шеберлерді шақырды. Нәтижесінде саяхатшылар сапарды әрі қарай жалғастырды.
Кристиан Крузи мен Моника Дигельман тәртіп сақшысына көрсетілген қолдау мен көмек үшін алғыс білдірді.
Пікірлер