A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Заңсыз көші-қонға қарсы күрес: жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталды

Бүгін / Республика

Қазақстанның шекара қауіпсіздігін күшейту және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қабылданып жатқан шаралар заңсыз көші-қон фактілерін анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— ҚР ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші‑қонға қарсы ұдайы негізде жедел‑іздестіру іс‑шаралары кешенін іске асырады. 2026 жылғы маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шетел азаматы ұсталды. Жалпы алғанда, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392‑бабы бойынша 178 қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада. 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге жәрдемдесуге қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, сондай‑ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив