Семсерлесуден Үндістан астанасы Делидегі сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған командамыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен тас-талқанын шығарса, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, енді санаулы сәттен кейін олар былтырғы Азия чемпионатының финалисі, Олимпиада ойындарының 2 мәрте жүлдегері Оңтүстік Кореямен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Пікірлер