Феклистовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы ауданы 195,3 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоба шеңберінде өңірде дәл осындай 36 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Шараның ашылу салтанатына қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
- Маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы Феклистовка ауылының тұрғындары үшін айтулы мереке саналады. Елімізде денсаулық сақтау саласына көңіл бөлініп, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Енді ауыл халқы сапалы медициналық көмек алатын болады, - деді ол.
Бұл пункт алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ауыл тұрғындарына қолжетімді етіп, скринингтік бағдарламалармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Балалар үшін екпе алу мүмкіндігі туды. Аталған ғимарат барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Пікірлер