A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 17:05 0

Өскемендегі төлем қабылдау пунктінің жұмысы тоқтатылады

Бүгін / Өскемен / Пайдалы

1 шілдеден бастап Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37А мекенжайында орналасқан төлем қабылдау пунктінің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратпен Өскемен қаласы әкімдігі бөлісті. Соған сүйенсек, аталған шешім «Қазпошта» АҚ тарапынан өндірістік объектілердің қаржылық-экономикалық тиімділігін талдау нәтижелері мен операциялық шығындарды оңтайландыру аясында қабылданған.

– Тұрғындарға қызмет көрсету тоқтатылмайды. Барлық қызметті жақын маңдағы «Қазпошта» бөлімшелерінен, сондай-ақ Гоголь көшесі, 34 мекенжайында орналасқан серіктестік қызмет көрсету бөлімшесінен алуға болады, – делінген ақпаратта.

Фото: Ikassa.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив