«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігінде найзағай болып, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында да нөсерлетеді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста — дауыл болады деп болжанған.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында тұман болуы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусты көрсетеді.
Маңғыстау облысында да қатты ыстық болып, 38-41 градусқа жетеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарында термометр 40-41 градусты көрсетіп, аптап ыстық сақталады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады.
Пікірлер