A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде әлеуметтік көмір сату басталды

Бүгін / Өскемен

Жылыту маусымына дайындық аясында халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмірмен қамту бойынша үш жақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Меморандумда 30 000 тонна әлеуметтік көмір қарастырылған. Қазір коммерциялық көмірдің бағасы тоннасына 17 400-17 500 теңге.

Өскемен әкімдігі мәліметінше, әлеуметтік көмір 500 теңгеге төмен бағамен сатылады. Оны алуға өтінімдер Аумақтық басқару орталығы (бұрынғы КМС) филиалдары арқылы қабылданады, ал отын үш көмір терминалында сатылады.

- Біз жеке үй иелерін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қорын алдын ала сатып алуға шақырамыз. Бұл әбден таяғанда ұзын-сонар кезекке тұрып, қарбалас шақты болдырмауға көмектеседі, - деп атап өтті әкімдік.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив