A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:00 0

Қазақстанда бір айда 125 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді

Бүгін / Республика

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, анықталған сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлыққа қатысты – 97 жағдай тіркелген.

Сонымен қатар 9 алаяқтық, 8 лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, 7 жымқыру, 3 қызметтік жалғандық жасау және 1 билікті асыра пайдалану дерегі анықталды.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды.

ҰҚК мәліметінше, 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды.

– Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2,1 млрд теңге бюджетке қайтарылды. Сондай-ақ құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деп мәлімдеді ҰҚК.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив