Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімшелеріне қарызды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздеуге жариялау туралы жеке сот орындаушыларынан қаулылар келіп түсуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері 61 жастағы әйелдің орналасқан жерін анықтады. Ол 2025 жылдың наурыз айынан бері қала тұрғыны алдындағы 4 миллион теңгеден астам қарызын өтемеген.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері алимент төлемеген 34 жастағы ер адамды тапты. Ол екі кәмелетке толмаған баласын асырау бойынша міндеттемелерін ұзақ уақыт орындамай келген. Нәтижесінде қарыз көлемі 4 200 000 теңгеге жетті. Азамат 2026 жылдың ақпан айынан бері іздеуде болды. Енді екі борышкерден де қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады.
- Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері 50-ден астам борышкерді анықтады. Сот актілерін орындаудан жалтаратын адамдарды іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, — деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Пікірлер