A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 15:20 0

Өскемендегі жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстары басталды

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің мәліметінше, 15–20 шілде аралығында Есенберлин даңғылындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінде тартан жабынын төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жабынның сапасы мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін оның толық кебуіне және қажетті беріктікке жетуіне уақыт қажет. 

- Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарынан технологиялық процесс толық аяқталғанға дейін жаңадан төселген жабынға шықпауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, - деді әкімдік өкілдері. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив