A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:45 0

Өскеменде автобус жолақысы қыркүйектен бастап өзгеруі мүмкін

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында оғамдық көліктегі жол жүру тарифін сегіз жылдан кейін алғаш рет қайта қарау ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Тиісті қаулы жобасын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жариялады.

Жобаға сәйкес, 1 қыркүйектен бастап қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде бір жолақының құны 90 теңгеден 120 теңгеге дейін, ал қолма-қол төлем кезінде 120 теңгеден 200 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Құжат қазіргі уақытта келісу рәсімдерінен өтіп жатыр және түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

– Қаулы қабылданып, ресми жарияланғаннан кейін ғана жаңа тарифтер заңды күшіне енеді. Қазіргі таңда бұл нормативтік құқықтық актінің жобасы ғана, – деп хабарлады бөлімнен.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тарифті қайта қарау қажеттілігі тасымалдаушылардың шығындарының айтарлықтай өсуіне байланысты туындаған. Қолданыстағы жол жүру құны 2017 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектердің, шиналардың, автобустарға техникалық қызмет көрсету шығындарының бағасы, жүргізушілердің жалақысы, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мөлшері едәуір артқан.

– Тарифті өзгертудегі басты мақсат – жолаушыларға қаржылық салмақ түсіру емес, шығындардың өсуі жағдайында қоғамдық көліктің тұрақты, қауіпсіз әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар бұл автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді, – деп мәлім етті Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив