Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, алғашқы үш жаңа павильонның орналасатын жері белгіленді. Бастама аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін арттыру көзделген. Бұдан бөлек, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға әрі қызмет сапасын жетілдіруге басымдық берлімек.
- Жаңа павильондар тұрақтандыру қоры өнімдерінің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қаланың сәулеттік келбетіне де үйлесім береді, – деді Исатай Ансат.
Қазір облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын 30-дан астам сауда нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының дүңгіршектері мен тұрғын үйлерге жақын орналасқан әлеуметтік дүкендер бар.
Тұрақтандыру қорының өнімдері тек Өскемен тұрғындарына ғана емес, өңірдегі аудан-қалаларда да қолжетімді болады. Сауда орындары Риддер, Алтай қалаларында, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан аудандарында да тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Пікірлер