A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 11:05 0

Шемонаиха ауданының тұрғыны үйінде есірткі өсірген

Бүгін / Шемонаиха / Қылмыс

Аудандық полиция қызметкерлері есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу фактісінің жолын кесті. Жедел-іздестіру шаралары барысында жеке үй аумағынан жабдықталған «үй плантациясы» табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу барысында жергілікті тұрғынның ғаламтор арқылы қарасора тұқымын сатып алып, оны фитошамдардың көмегімен үй жағдайында өсіруді ұйымдастырғаны анықталды. Кейін өсімдіктер бақшаға ауыстырылды. Ер адам өсірілген қарасораның бір бөлігін кептіріп, жеке мақсатында пайдаланған.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 31 түп қарасораны, кептірілген өсімдік тектес затты, есірткі қолдануға арналған құрылғыны, өсімдіктерді өсіруге пайдаланылған фитошамды тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымдасына жатады. Тамыры мен топырағынсыз есептегендегі жалпы салмағы 5 келіден асады, бұл заңнамада «аса ірі мөлшер» ретінде сараланады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив