A+ A A-

talgatzhan 20 Кеше, 11:00 0

«Алтай Өскемен» «Ақтөбеден» жеңілді

Бүгін / Өскемен / Спорт

Кеше Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Алтай Өскемен» клубы «Ақтөбе» ұжымына қарсы ойнады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шілденің 19-күні қаладағы «Восток» стадионына облыс тұрғындарынан бөлек, ат арытып сонау Ақтөбеден де жанкүйерлер келді. Қазақстан кубогі жолындағы бәсекеде ұтылған командасына бірісідей қолдау білдіріп, ойыншыларды қамшылауға тырысқан. 
Жанкүйерлер алғашқы 20 минут бойы гол көрмеді. Ақтөбеліктердің өткір шабуылы мен алаң қожайындарының сауатты қорғанысы таразы басындағы теңдікті сақтап тұрған. Алайда төреші белгілеген бұрыштамадан соң Иван Ордец баспен гол салып, есеп ашты. Ойын кешкі сағат 17:00-ге бекітілсе де, ол уақытта күн ысып тұрды. Жігіттер физикалық тұрғыда шаршай қоймаса да, аптап кезінде абдырап, кейбірі доп үшін талас кезінде ентігіп жатты. Арада 10 минут өткенде Даниель Соса есепті еселеді. Тәжірибелі Темірлан Ерланов үшінші гол соққанда, Вахид Масудов шәкірттері біртіндеп ортада орнығып, өткір шабуылдар дайындай бастады. Сөйтіп, 73-минутта алаң иелері сапынан Дмитрий Подстрелов гол соқты. Жанкүйер қиқуға басып, есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік туды-ау дегенде ақтөбеліктерден Пабло Гарсия Данило Кучер қорғаған қақпадан саңылау тапты. Есеп 1:4, қонақтар пайдасында.
Ойынның 92-минутында «Алтай Өскемен»  жартылай қорғаушысы Никола Джамбор гол салып, есепті 2:4-ге жеңілді.
Өкінішке қарай, өскемендік клуб қарсыласқа есе жіберіп, ұпай ала алмады. Ойынды тамашалауға 4000 адам жиналған. Осыдан соң «Ақтөбе» 5-орынға көтерілсе, «Алтай Өскемен» сол 15-орынға тұрақтады.

Фото: kazfootball.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив