Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат бағаны тұрақты ұстап тұру бағытындағы жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма басшысының сөзінше, аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз және үстеме бағасыз тікелей сатуға арналған жәрмеңкелер тұрақты өткізіліп тұрады. Жыл басталғалы осындай 300-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылыпты. Өңір тұрғындары жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеге жуықтайтын жаңа піскен өнімдер сатып алған.
– 16 шілдедегі мониторинг деректеріне сәйкес, Үлкен Нарын ауданы барлық дерлік санат бойынша бағалардың ең жоғары деңгейін көрсетті. Риддер қаласында да бағалардың жоғарылауы байқалады, әсіресе көкөністер, ет өнімдері және балықты айтуға болады. Кейбір айтарлықтай ауытқуларды есепке алсақ, Шемонаиха ауданы орташа деңгейден жоғары, – деді басқарма басшысы.
Алтай мен Күршім аудандарындағы жалпы жағдай тұрақты.
Ал азық-түліктің ең төмен бағасы мына аудандарда:
- Зайсан ауданы;
- Ұлан ауданы;
- Самар ауданы.
Пікірлер