447.14 499.54 5.46
A+ A A-

ШҚО-да мемлекеттік сатып алу арқылы 1,6 млрд теңге жымқырғандар түрмеге қамалуы мүмкін

ШҚО-да мемлекеттік сатып алу арқылы 1,6 млрд теңге жымқырғандар түрмеге қамалуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингіде  Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент өкілдері жүргізген тексерулер нәтижесінде «QazConstruction» ЖШС-нің бірнеше жыл бойы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы бюджет қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталған.

– Бұл схема 11 мемлекеттік сатып алу шартын қамтыған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарындағы 9 елдімекенде сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бар. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асты, – деді Тимур Мұқанов.

Оның айтуынша, сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив