A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:50 0

3 — 9 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты

Жастық жалынымен тапсырмаларды талғамай орындай берудің қажеттілігі шамалы. Күш үнемдеңіз. Олай болмағанның өзінде басшылықтан жалақыңызды көтеруін сұраңыз. Осыған дейінгі еңбегіңіздің еленетіні сөзсіз.

 

Торпақ

Кем-кетігіңіз болса жалғыз қалып, өзіңізге есеп бергенде түзеуге тырысыңыз. Мүмкіндігінше айналаңыздағыларға өз қабілетіңізді паш етіп, таң қалдырудан еш қымсынбаңыз. Жан-жақтылығыңызды осылай дәлелдеу ұтымды әдіс.

 

Егіздер

Апта соңында қобалжуға сан түрлі себеп туындайды. Дұрысы, қызбалыққа салынбай, барлығын ақыл таразысына салып әрекет етіңіз. Осындайда ойыңыз бір жерден шығатын жақындарыңыз жаныңыздан табылса тіпті жақсы.

 

Шаян

Барлық маңызды әрі шұғыл шаруаларыңызды демалыс күндеріне дейін тәмәмдауға тырысыңыз. Біреуге ғашық болсаңыз, сезіміңізді білдіруден жасқанбаңыз. Ал отбасылы Шаяндар әлдеқандай қиындыққа тап болулары мүмкін.

 

Арыстан

Қазір қандай да бір келеңсіздікке ұшырасаңыз сары уайымға салынбай, оның себебін анықтаңыз. Сонда ғана күрделі мәселелер сырт айналып өтеді. Нәзік жандылар сән салонына жазылып қойса құба-құп.

 

Бикеш

Көңілді әрі алаңсыз сәттер орнайды. Бауыреті балаңыз жоғары жетістікке жетіп, оны мақтан тұтатын кез де жақындап қалды. Алайда кейбір қуанышты хабарларды тысқа шығара бермеңіз, бақыт тыныштықты қалайды.

 

Таразы

Жұлдыздар отбасыңызбен тынығып қайтуға кеңес береді. Дұрысы, тамыздың 5-7 аралығына жоспарлаңыз. Күш-қуатыңыз тасып тұрса да кейбір жұмыстарды кейінге ысыра тұрыңыз.

 

Сарышаян

Қисық сөйлеп, дөрекілік танытатын, ниеті бұрыс адамдармен араласпаған жөн. Кейбірі нәтижелі жұмысыңызға көреалмаушылық танытып, аяқтан шалуға тырысады. Абзалы, қандай жағдай болса да салқынқанды болыңыз.

 

Мерген

Тағдыр тарту ететін қарбалас кезеңге дайын болмай шығасыз. Егер көптен бері көкейіңізде жүрген беймаза шақ орнаса, достарыңызбен жиі бас қосыңыз. Қазір жалғыз қалудың еш жөні жоқ.

 

Тауешкі

Қолыңызда ақшаңыз болса өзіңізден еш аямаңыз. Жұмыстағы белсенділігіңіз бен қиындықтарды еңсеруге деген құлшынысыңыз осылай етуге ыңғай жасайды. Реті келсе өзіңізден бөлек, сүйіктіңізге де сыйлық жасасаңыз әбестік емес.

 

Суқұйғыш

Кейбір дүниелер тек сіздің араласуыңызбен ғана біржақты болмақ. Соның арқасында күрмеуі шешілмей тұрған кейбір мәселелер шешімін табады. Ал әріптестеріңізбен әңгімелесуге келгенде сырыңызды аша бермегеніңіз жөн.

 

Балықтар

Бұл апта жаңа келісімшарттар мен құжаттарға қол қойып, маңызды қадамдар жасауға қолайлы. Ескі достарыңызға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп қойыңыз. Демалыс күндері жақын адамдарыңыздың бірі кездесуге шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив