Еліміздің бірқатар өңірінде егін орағы басталды. Бүгінгі күнге дейін 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылып, орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, жиналған өнімнің 1 067 мың тоннасы – бидай, 456 мың тоннасы – арпа.
Сонымен қатар 411 мың тонна көкөніс, 11,5 мың тонна картоп және 228,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, биыл жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектар болды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектар, майлы дақылдар – 5,2 млн гектар, мал азықтық дақылдар – 3,0 млн гектар, мақта – 173,6 мың гектар, ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп – 89,9 мың гектар, қант қызылшасы – 23,8 мың гектар.
Егін орағы науқанының барысы тұрақты бақылауда.
Пікірлер