ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына Тұғыл ауылының тұрғыны үйде тыйым салынған заттарды сақтауы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көрсетілген мекенжай бойынша тексеру жүргізу барысында полицейлер тінту жұмыстарын ұйымдастырды.
- Шаруашылық құрылыстарынан жасыл түсті заттың қалдықтары бар металл ыдыстар, ерекше иісі бар заттар мен кептірілген өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы - 279,60 грамм. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда, - делінген ресми ақпаратта.
ШҚО ПД есірткі құралдарын заңсыз сақтау және айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Есірткі қылмыстарын анықтау және жою жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.
Пікірлер