A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:25 0

Тарбағатай ауданында жаңа баспаналар берілді

Бүгін / Басты / Тарбағатай

Ақжар ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жаңадан салынған 8 тұрғын үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Жөргекбаев, әкімнің орынбасары Ержан Советбекұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, жаңа қоныс иелері қатысты.

Аудан басшысы Дархан Шомпайұлы тұрғындарды құттықтап, баспаналы болудың әр отбасы үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті. Өз сөзінде тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі екенін айтып, жаңа қоныс иелеріне бақ-береке, шаңырақтарына амандық пен ырыс тіледі. Кейін жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Рәсім барысында ауылдың ақсақалдары ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, қуанышты сәттің сәнін келтірді.

Айта кету керек, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, 2022 жылы – 14 баспана, 2023 жылы – 27 баспана, 2024 жылы – 62 баспана пайдалануға берілді. 

Ал 2025 жылы аудан бойынша бағдарлама шеңберінде 20 жаңа тұрғын үй салынды. Соның ішінде 8 баспана Ақжар ауылында бой көтеріп, бүгін сол үйлердің кілті өз иелеріне табысталды.

2026 жылы ауданда жалпы саны 22 қос пәтерлі, яғни 44 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 40 үй Ақжар ауылында, 2 үй Тұғыл ауылында және 2 үй Қарасу ауылында салынып жатыр.

Жалпы, Тарбағатай ауданы қайта құрылғаннан бері Ақжар ауылының өзінде ғана жаңадан салынған тұрғын үйлердің саны 130-дан асты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив