A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:35 0

10 – 16 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты

Басшылық жүктеген тапсырманы қазірден бастап атқарыңыз. Түптің-түбінде ойыңыз орындалатындығына сеніңіз. Қазіргі кез келген таныстықтың соңы албырт сезімге ұласуы мүмкін. Сол себепті айналаға бір сәт зер салыңыз.

 

Торпақ

Сізге қамқор болып, асты-үстіңізге түсетін жандарды бағалай біліңіз. Сынап емес, сыйлағандықтан солай істеп жүр. Шығармашылық саладағы Торпақтар басшылығына тың ұсыныстар білдірулері мүмкін.

 

Егіздер

Осы аптада бірқатар ұсақ-түйек мәселелер шығып қалады. Соншалықты қиын шаруа болмаса да сол үшін көңіл-күйіңіз түседі. Құрған жоспарыңыздың күл-талқаны шығып, иек артқан адамдарыңыз сізден теріс айналуы мүмкін.

 

Шаян

Жұлдыздар ешқандай құжатқа қол қоймауға кеңес беруде. Сізді алдап соғулары мүмкін. Жалғызбасты Шаяндар екінші жартысын табулары кәдік. Десе де ұзақ уақыт сезім қылын жалғап тұру мүмкін болмайды.

 

Арыстан

Ақшаға қатысты кез келген мәселе төңірегінде абай болыңыз. Ешкімге қарыз бермеңіз, өзіңіз де алмауға тырысыңыз. Таяу күндері махаббат кемесіне мініп, бақыттың кілтін табуыңыз ғажап емес.

 

Бикеш

Апта ортасында Бикештер күш-қуаты кеміп, өздерін әлсіреп жүргендей сезінеді. Емделемін деп шешсеңіз, оңаша қалып, жақсылап тыныққаныңыз жөн. Өйткені сізге еңбек демалысы іспетті аз уақытқа болсын бір үзіліс керек-ақ.

 

Таразы

Баяу болса да ағыс бойымен жүзіп, маңызды шешім қабылдаймын деп белсенбегеніңіз жөн. Бір нәрсені бастауға бекінсеңіз жақындарыңыз қолдау білдіруден жалықпайды. Апта ортасына қарай дүкен аралап, ұнатқан заттарыңызды сатып алыңыз.

 

Сарышаян

Біреу-міреумен ой бөлісуден іргеңізді аулақ салыңыз, түбі кедергі келтірмей қоймайды. Осы аптада сүйгендер арасында ұрыс-керіс шығып, аралары суып кетуі мүмкін. Алайда мұның барлығы уақытша нәрсе.

 

Мерген

Ерік-жігеріңізден аттап, құлқынның құлы болудың еш реті жоқ. Біріншіден, бұған өзіңіз де әзір емессіз. Екіншіден, бір жерден шалыс басып, жоспарыңыздың күлі көкке ұшса, тауыңыз шағылады.

 

Тауешкі

Әзірге өміріңізде қандай да бір жаңашылдық бола қоймайды. Бір есептен болмағаны да дұрыс. Ескі жараның аузын тырнап, өткенге көз жүгіртпей-ақ қойыңыз. Жұлдыздар жаңа жоспар құруға кеңес береді. Бастысы, сары уайымға салынудан ада болыңыз.

 

Суқұйғыш

Алдағы апта дау-дамайсыз өткелі тұр. Соған байланысты босаңсып, көңіліңіз ұдайы тыныштықты қалап тұрғандай болады. Әйтсе де тым бейқам болған да жарамас. Қазір арманыңызды ақиқатқа айналдыратын кез. Оған сіздің мүмкіндігіңіз жетіп тұр.

 

Балықтар

Кейбір Балықтар апта ортасына қарай томаға тұйық, жабырқау болып жүреді. Достарыңызбен қарым-қатынаста жүру, олардың пікірін тыңдау – өміріңіздегі қозғаушы күш сияқты. Қиындықта бір өзіңіз қалсаңыз тұңғиыққа батқандай боласыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив