A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 16:00 0

Елімізде тамыздағы ҰБТ басталды

Бүгін / Республика

Бүгін елімізде тамыздағы ҰБТ басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

Бірінші күні 6,7 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады.

Айта кетейік, тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері), шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар қатысады.

Сонымен қатар өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады.

Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда негзгі ҰБТ аяқталғанын хабарлағанбыз. Талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинап, гранттар конкурсына қатысу құқығына ие болған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив