A+ A A-

talgatzhan 49 14-11-2024, 11:00 0

Тарбағатайдағы Тәуке ауылына оңтүстік өңірлерден тұрғындар қоныстануы мүмкін

Бүгін / Тарбағатай

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың Тарбағатай ауданына барған сапарында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға алдымен салынып жатқан жаңа мектеп алдындағы Төлеген Тоқтаровтың кеудемүсініне тоқталды. 
– Төлеген Тоқтаровты батырлардың батыры деген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батыр көп болды. Бірақ кеңес өкіметінің генералдары жерлесіміздің ерлігін ерекше бағалаған, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Жауапты тұлға дарынды оқушылардың ауылдардан шығатынын жеткізді.
Тарбағатай ауданы әкімі Дархан Жөргекбаевтың сөзінше, ауылда 200-дей адам бар. Алдағы уақытта оңтүстік өңірлерден тұрғындар шақырылмақ. Ауылдағы жетекші сала – мал шаруашылығы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив