Аталған ауданға қарасты Тәуке ауылындағы құрылыс барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құрылыс биыл мамыр айында басталған. Мердігер мекеме аз уақыт ішінде тәмамдады. Мектеп басшылығының мәліметінше, 80 орынға шақталған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов шағын ауылға мұндай құрылыс мол серпіліс беретінін айтты. Әкімдік өкілдерінен жұмыс барысындағы кемшін тұстардың бар-жоғын, сапасы туралы сұрады. Тарбағатай ауданы әкімі Дархан Жөргекбаевтың ақпаратынша, негізгі жұмыс аяқталып тұр. Аз уақытта қолданысқа берілмек.

Пікірлер