Құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Айыртау ауылындағы Каменское су қоймасы маңында демалып жүрген 1997 жылы туған ер адам мен 1999 жылы туған әйел қайықта отырған.
– Желдің күрт күшеюіне байланысты олар өздігінен жағалауға жете алмаған. Азаматтарға көмекке жедел түрде құтқарушылар келді. Олар ер адам мен әйелді жағаға аман-есен жеткізді, – делінген ақпаратта.
Пікірлер