A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 15:50 0

ШҚО-да күздің алғашқы күндері үсік жүруі мүмкін

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМК 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Күздің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігіне кең солтүстік антициклоны әсер етіп, негізінен жауын-шашынсыз және ашық ауа райы қалыптасады.
1-2 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік циклоны мен онымен байланысқан атмосферлық фронттардың әсерінен түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр жауып, қар аралас жаңбыр да болуы мүмкін. 
Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі болжанады.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс пен орталықта ауа температурасы түнде 0…+5°C, аймақтың оңтүстігінде +10°C, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз +12…+25°C-тан +15…+30°C-қа дейін көтеріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив