A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Биыл 3,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы ашылды

Бүгін / Республика

Бұл – Ішкі істер министрлігі, Ұлттық банк, қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Антифрод-орталықтың мүмкіндіктері азаматтарға келуі мүмкін қаржылық шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаражат бұғатталды.

Сонымен қатар байланыс операторлары 163 млн-нан астам алаяқтық телефон қоңырауын бұғаттады.

Ал Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Киберқадағалау» мемлекеттік жүйесі арқылы заңсыз әрекетке пайдаланылған 26 мың интернет-ресурс анықталып, олардың жұмысына тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, заңсыз call-орталықтар мен дропперлік желілердің қызметі тоқтатылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив