Қайнарлы ауылында шағын орталығы бар, 50 орынға арналған жаңа заманауи білім ордасы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауы аясында бой көтерді.
Ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалды.
Бұл – Шығыс Қазақстанда соңғы үш жылда салынған үшінші жаңа мектеп. Бұған дейін Игілік ауылында жаңа білім ордасы ашылған еді. Ал жыл соңына дейін Төсқайың ауылында тағы бір жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Пікірлер