Алтай аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот бұйрығына сәйкес кәмелетке толмаған баланың әкесінен анасының пайдасына оны кәмелетке толғанға дейін асырап-бағу үшін табыстың барлық түрінен немесе табыстың өзге де түрінен 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарған еді.
- Ер адам көрсетілген мерзімде алимент төлемеді. Оған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілсе де, сот актісін орындаудан бас тартып, жұмысқа орналаспады. Сот отырысында азамат өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ алимент бойынша қарызды өтеуге міндеттенді, - делінген Алтай аудандық соты баспасөз қызметінің ақпаратында.
Құқық бұзушылықтың дәрежесі мен сипатын, қоғамдық қауіпті ескере отырып, сот құқық бұзушының 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза берді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Пікірлер