Полиция қаза болған өрт сөндіру бөлімінің қызметкеріне қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оқиға биыл қаңтар айында болды. Марқұмның әйелі өз сөзінде күйеуіне № 21 өрт сөндіру бөлімшесінде пышақ жарақаты келтірілгені, ал әріптестері полицияға немесе жедел жәрдемге хабар бермей, оны ауруханаға өздері жеткізгенін мәлім етті.
- Жолдасыма пышақ жарақатын салу фактісі бойынша және осы оқиғадан кейін Катонқарағай ауданының № 27 өрт сөндіру бөлімінің лауазымды тұлғалары мен медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етемін. Қазіргі уақытта кінәлі адам әлі де тиісті жазасын алған жоқ. Осыған байланысты аталған жағдай басынан аяғына дейін толық әрі объективті түрде тергелсе дейміз. Сондай-ақ соттың істің барлық мән-жайын жан-жақты ескеріп, заңға сәйкес әділ шешім шығаруын талап етемін, - деді Меруерт Қайратқызы.
Ал ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша күдікті тұлғаға қатысты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
- Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Катонқарағай ауданының сотына жолданған, - делінген ақпаратта.
Пікірлер