17-19 қыркүйек аралығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Алтай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
17 қыркүйек 10:00-де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесу өтеді.
18 қыркүйек 10:00-ден бастап Арбат саябағында Алтай аймағын жақсырақ тану үшін балалар мен суретшілер фотокөрмесі өтеді.
17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтай: Цифрлы болашақ аумағы» көрмесі өтеді. Көрмеде аймақтың бүгінгі өмірі, оның жетістіктері, қызықты жобалары және заманауи шешімдері туралы білуге болады.
18:00-де облыстық филармонияның концерт залында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерт өтеді.
19 қыркүйек 8:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің табиғи таза өнімдерін тікелей сатып алуға болады.
Пікірлер