Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданы тұрғындармен кездесуде Ермак Сәлімовты өзінің штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ермак Бидахметұлы бірнеше жыл Глубокое ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оның тәжірибесінің басым бөлігі өңірдегі тау-кен өнеркәсібімен байланысты.
1990 жылдары ол Ертіс полиметалл зауытының Ертіс кенішінде бас инженердің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары және №3 жерасты тау-кен учаскесінің бастығы қызметтерін атқарды.
Оның жаңа лауазымындағы негізгі бағыттарының бірі сол, тау-кен өнеркәсібі. Атап айтқанда, Ертіс кенішін қалпына келтіру жобаларын қолдау болады.
Пікірлер