A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:10 0

Өскемендегі қан орталығына донорлар қажет

Бүгін / Өскемен

Қазір медициналық мекемелерге сирек кездесетін, әсіресе O(I) Rh− және A(II) Rh− қан топтары қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қан орталығы мәліметінше, соңғы бір апта бойы дәрігерлер, мекеме қызметкерлері мен донорлар науқастарға қажетті көмек көрсету үшін жұмыс істеп келеді. Ауруханаларда қан және оның компоненттерін құюды қажет ететін пациенттер бар.
Осыған байланысты O(I) Rh− және A(II) Rh− қан топтарына ие, сондай-ақ донор болуға медициналық қарсы көрсетілімі жоқ тұрғындардан бүгін қан тапсыру сұралады.
– Әр минут маңызды. Әр донор – көмек күтіп отырған пациентке үміт сыйлайды, – делінген мәліметте.
Қан тапсыруға бүгін сағат 13:30-ға дейін, түскі үзіліссіз баруға болады.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Жібек-маталар комбинаты, Көкжал Барақ көшесі, 11.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив