A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:50 0

Бұқтырма жағалауындағы сенбілікке 250-ден астам адам қатысты

Бүгін / ШҚО / Алтай / Самар / Ұлан / Күршім

Бүгін Бұқтырма су қоймасы мен оған құятын өзендер бойындағы аудандарында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза жағалау» экологиялық сенбіліктері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай, Самар, Ұлан, Күршім аудандары және Үлкен Нарын ауданы тек географиялық орналасуымен ғана емес, табиғи байлығымен де өзара байланысты. Мұнда өңірдің ең көрікті табиғи аумақтарының бірі – Бұқтырма су қоймасы, көлдер мен өзендер орналасқан. Олар жыл сайын облыс тұрғындары мен Шығыс Қазақстанға келетін қонақтардың сүйікті демалыс орындарына айналады.
– Экологиялық акцияға 250-ден астам адам – аудан тұрғындары, әкімдік пен коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, аумақтарды абаттандыру жұмыстарына тартылған жұмысшылар, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты. Су айдындарының жағалаулары мен тұрғындар көп демалатын орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Айғыр көлі мен Крестовка өзенінің жағалаулары тазартылды. Сенбілік барысында 1000-нан астам қап тұрмыстық қоқыс жиналып, шығарылды, – делінген мәліметте.
Акцияға қатысушылар демалыс орындарын пластиктен, шыныдан, тұрмыстық және басқа да қалдықтардан тазартып, тұрғындардың бос уақытын өткізетін аумақтарды ретке келтірді.
Бұқтырма су қоймасы – облыстың бірнеше ауданын біріктіретін табиғи байлық. Біреулер үшін оның жағалауы – сүйікті демалыс орны болса, енді біреулер үшін балық аулап, табиғат аясында тынығып, туризммен айналысатын орын. Сондықтан оның табиғи сұлулығын сақтау – баршамызға ортақ міндет.
– Таза жағалау – бұл жай ғана абаттандырылған аумақ емес. Ол адамның табиғатқа деген мәдениеті мен құрметінің көрсеткіші. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Табиғатты қорғау бір реттік акция емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бұқтырма бізді ортақ табиғатымызбен біріктіреді. Ал оны таза сақтау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз, – делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив